Шымкентте қызды пышақтап өлтірген адамның кім екені анықталды

Автор: Аягөз Құрмаш

Пышақ жарақатынан 21 жастағы қыз көз жұмған еді

Фото: istockphoto.com

Аталған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.Күдіктінің жеке басы анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол марқұммен бұрын таныс болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазір күдіктіні ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.Өзге ақпарат сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті.

Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады.