Прокуратура оны мемлекет меншігіне қайтарды
Талдықорған қаласындағы «Ардагерлер саябағына» іргелес орналасқан жалпы ауданы 4,1 гектар жер учаскесі 20 жылдан кейін мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, орман-саябақ аймағына жататыны жер 2006 жылы заң талаптарын бұза отырып жеке меншікке заңсыз берілген. Кейіннен жер учаскесі 44 жеке учаскеге бөлініп, 13 тұлғаға сатылған.
«Жетісу облысының прокуратурасы саябақ жанындағы жер телімін мемлекет меншігіне қайтарды», - деп хабарлайды құзырлы органның баспасөз қызметі.