Екі облыста боранға байланысты күре жол жабылды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Актөбе мен Қызылорда өңірлерінде ауыр жүк және қоғамдық көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның екі өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

10 қаңтар күні сағат 21:45-тен бастап боран мен көктайғақтың күшеюіне байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жүк көліктері мен қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылды.

Ақтөбе облысында «Ресей шекарасы – Марток – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – Қытай шекарасы» тасжолының 965-1240 шақырым аралығы, яғни Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейінгі бөлігі жабылды.

Ал Қызылорда облысында осы бағыттағы жолдың 1240-1362 шақырым аралығы — Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейінгі аумақта көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, жолдарды қайта ашу 11 қаңтар күні таңғы сағат 07:00-ге жоспарланып отыр.

Мамандар жүргізушілерге ауа райы жақсарғанша алыс жолға шықпауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға және ресми дереккөздерден ақпаратты тұрақты қадағалап отыруға кеңес береді.