Ингавиринді заңсыз сатқан Шымкент тұрғыны ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы іс бойынша тергеу басталды

Шымкент тұрғыны ингавиринді заңсыз сатумен айналысқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бұл істі қаржы мониторингі комитеті экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері әшкереледі. Жедел іздестіру жұмысының нәтижесінде, Шымкент тұрғынының жалпы құны 200 мың теңгенің дәрісін құжатсыз саудалағаны анықталған. Ол дәрінің бір қорабын 10 мыңға сатқан. Бұл дәріханадағы бағадан бірнеше есеге қымбат», - деп жазылған хабарламада.

Айта кету керек, Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен ингавириннің шекті бағасы бір қорап үшін 5640 теңге болып бекітілген. Қазір осы іс бойынша тергеу басталды.