$ 508.91  594.36  6.33
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Полиция Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктіге ресми іздеу салды

Бұған дейін хабарлағынымыздай, күдікті - марқұмдардың күйеу баласы

Полиция Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдіктіге ресми іздеу салды
Фото: видеодан скриншот

Атырау облысының полициясы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында тұратын ерлі-зайыптылардың өліміне күдікті адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қылмысқа күдікті Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Сондай-ақ басқа адамдардың қатысы бар-жоғы тексерілуде», - деп мәлімдеді Атырау облыстық полиция департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін аталған қылмысқа қаза тапқан ерлі-зайыптылардың күйеу баласының қатысы болуы мүмкін екені хабарланған еді.

Еске сала кетейік, Жангелдин ауылының бұл тұрғындары 2025 жылы белгісіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде тараған мәліметтер жағдайдың одан әрі күрделене түскенін көрсетті. Атырау облысында бір отбасының жұмбақ жағдайда жоғалып кетуіне байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы  «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тек 2026 жылдың 6 қаңтарында ғана олардың екеуінің мәйіті табылғаны туралы хабар тарады.

Серіктес жаңалықтары