Жайық өзенінде инспекторлар квадроциклімен бірге мұз астына құлап кетті (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Олар дер кезінде судан шығып үлгерген

Фото: видеодан скриншот

Браконьерлікпен күреске бағытталған рейд кезінде Жайық өзеніндегі Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері квадроциклімен бірге мұз астына құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Рейд кезінде инспекторлар қызметтік тапсырма орындап жүрген. Құтқару жилеттерін кигендіктен, олар өздігінен қауіпсіз жерге шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төнбеген.

Қазір құтқарушылар квадроциклді судан шығаруға тырысып жатыр. Кейін оның техникалық жағдайына тиісті баға беріледі.