Министр кейбір азаматтар антибиотиктің 5-6 түрін бір мезетте қабылдап жатқанын айтты
Препараттардың бір айлық көлемі бірнеше сағатта сатылып кеткен жайттар да бар. Қазіргі сәтте жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) де, пневмониямен де, коронавирус инфекциясымен де ауыру көрсеткіші нарықта сатып алынып жатқан препараттар көрсеткішінен әлдеқайда төмен. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазір кейбір дәріханаларда қандай да бір дәрілердің тапшылығына байланысты дүрбелең байқалады. Азаматтар дәрілерді артығымен сатып алады. Препараттардың бір айлық көлемі бірнеше сағат ішінде сатылып кеткен жайттар да бар. Қазіргі сәтте жіті респираторлық вирустық инфекциямен (ЖРВИ) де, пневмониямен де, коронавирус инфекциясымен де ауыру көрсеткіші – біздің нарықта сатып алынып жатқан препараттар көрсеткішінен әлдеқайда төмен», - деді министр.
Алексей Цой азаматтар дәрілік заттарды артығымен сатып алып жатқанын айтып, әрбір дәрінің жарамдылық мерзімі барын, ол мерзім өткеннен кейін қабылдауға тыйым салынатынын ескертті. Сонымен қатар министр кейбір азаматтардың ажиотажға ілесіп, антибиотиктің 5-6 түрін бір мезетте қабылдап жатқанын жеткізді.