Банктің онлайн қызметтерінен бөлек, бөлімшелері де істен шыққан
«Отбасы банкінің» бөлімшелері, сондай-ақ, онлайн форматтағы «Баспана маркет» пен мобильді қосымшасы түгелдей істен шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазір банктің техникалық қызметі бұл олқылықтарды жөндеп жатқан көрінеді. Жалпы, бұл мәселенің негізгі себебі – банк өз сервистері бойынша техникалық жұмыстарды бастаған екен. Алайда, процесс банк жоспарлаған уақыттан ұзақ болып кеткен.
«Өкінішке қарай, банк бөлімшелері, «Баспана маркет» платформасы және мобильді қосымша мен байланыс орталығы уақытшаж жұмыс істемей тұр. Біздің мамандар тиісті жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлайды банк өзінің ресми парақшаларында.