БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды

Автор: Алмас Ерсін

ТЖМ қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады

Фото: Видео скриншоты

Батыс Қазақстан облысы ТЖД күштерімен күрделі метеорологиялық жағдай кезінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Казталов, Тасқала, Ақжайық және Теректі аудандарында қар құрсауында қалған учаскелерден 18 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Құтқарылғандар арасында зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта облыс аумағында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 1 учаскесінде жүк автокөліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу енгізіліп, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 учаскесі жабық.