Әнші келініне арнап бейнебаян түсірді
Отандық әнші жаңа жылдың алғашқы күндерінде жаңа бейнебаянның түсірілімін бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Бауырсағы балдай қыз» әніне түсіріліп жатқан бейнебаянның болашақ келініне арналғанын және клипке келіннің өзі түскенін жазды.
«Жаңа жылдың жаңа күнінде болашақ келініме арнап түсірілген ерекше бейнебаян. Бұл ән-келінге деген аналық мейірім, ақ тілек пен отбасының берекесін жеткізетін туынды. Осындай қуанышты күндерді Алла әр шаңыраққа нәсіп етсін», - деді Жазира Байырбекова.