Биыл қасқыр мен шибөріні атуға қандай жағдайда рұқсат беріледі

Автор: Алмас Ерсін

Бірқатар өңірде рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалған жағдайда беріледі

Фото: freepik.com

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2026 жылға Қазақстан аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемін анықтау үшін биологиялық негіздеме әзірленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады.

«Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат үй жануарларына шабуыл жасалғаны жайлы дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі», - деп жазылған хабарламада.

Бүгінгі таңда жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі толығымен автоматтандырылған, қызмет www.elicense.kz веб-порталында көрсетіледі.