Бұл емдеу мекемелері бір мезгілде 250 науқасты қабылдай алады
Елорда күні қарсаңында Қарағанды облысында үш бірдей емхана ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhyтілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған бұл емдеу мекемелері бір мезгілде 250 науқасты қабылдай алады.
Ел игілігіне берілген үш емхананың біреуі Теміртауда, қалғаны кеншілер шаһарында орналасқан. Мұнда тұрғындарға сапалы медициналық қызмет алу үшін барлық жағдай жасалған. Емдеу мекемесі заманауи құрылғылармен толық жабдықталды.
«Биыл Балқаш қаласында тағы бір емхананың құрылысы басталады. Сондай-ақ Осакаров, Абай, Қарқаралы аудандарында гемодиализ орталығы ашылмақ. Ал Қарағандыда жыл соңына дейін радиология орталығы пайдалануға беріледі. Бұған қоса балаларды және ересектерді оңалту орталығы салынады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев.