Таңғы немесе кешкі астан кейін бірден шай не кофе ішу дұрыс емес
Көп адам тамақтанып отырғанда суды немесе басқа сұйықтықтарды бірге ішеді. Бұл қаншалықты дұрыс екенін doctorpiter порталы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер «тамақты сумен ішуге болмайды, өйткені ол асқазан сөлін сұйылтады» деген пікірді жоққа шығарып отыр.
«Шын мәнінде тамақты сумен ішсе болады», - дейді гастроэнтеролог Анастасия Тимощенко.
Алдымен ас қорытуға қажетті асқазан сөлінің құрамына тоқталайық. Ол:
«Тамақ ішу асқазан сөлінің бөлінуін ынталандырады, ал тамақтың сипаты мен көлемі бөлінетін ферменттер мен тұз қышқылының мөлшерін реттейді. Бұл процеске су мөлшерінің қатысы жоқ. Сондықтан асқазан сөлін сұйылтып жіберу өте қиын», — дейді дәрігер.
Сұйықтықтар қатты тағамға қарағанда асқазаннан тез кетеді. Бірақ бұл ас қорыту процесіне әсер етпейді: алдымен сұйықтық ішекке түседі, біраз уақыттан кейін онда тамақ та барады – мұнда ешқандай қауіп жоқ.
Анастасия Тимощенконың айтуынша, тамақты мына жағдайларда сумен ішпеген жөн:
Бұл жағдайлар іштің кебуін, жүрек айнуын, тәбеттің жоғалуын және басқа да проблемаларды тудыруы мүмкін. Мысалы, асқазаны қатты қыжылдайтын адамдарға алдымен дұрыс тамақтанып, содан кейін ғана су ішкен дұрыс.
Гастроэнтеролог басқа адамдарға суды тамақты жақсылап шайнап болған соң ішуді ұсынып отыр. Ал жұтуға қиын үлкен кесектерді сумен итеріп жіберуге болмайды. Сондай-ақ тамақтанып отырған кезде шөлдесеңіз, тәтті газды сусын емес, қарапайым суды таңдаған жөн.
Таңғы немесе кешкі астан кейін бірден шай не кофе ішу дұрыс емес, себебі ол темір немесе кальций сияқты маңызды элементтердің сіңуіне кедергі келтіруі мүмкін.