Олар әлеуметтік желіде террористік ұйымды насихаттаумен айналысқан
Ыстамбұл қалалық прокуратурасының тергеуі аясында күдіктілер ұсталған. Оған Ялова аймағында ИГИЛ мүшелерімен болған қарулы қақтығыс кезінде үш қауіпсіздік қызметкерінің қаза табуы себеп болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осыған байланысты бірқатар мекенжайларда бір мезетте арнайы операциялар өткізілді.
Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты жерлерінен көп мөлшерде цифрлық тасымалдағыштар мен ұйымға қатысты құжаттар тәркіленді.
Тергеу дерегінше, ұсталған 28 адам әлеуметтік желілер арқылы террористік ұйымды насихаттаумен айналысқан, ал тағы бір адам ИГИЛ қызметіне белсенді түрде қатысқан.