Ақмола облысында мұғалімдер жалақысыз жұмыс істеген

Автор: Алмас Ерсін

1700-ден астам мұғалім еңбекақысын ала алмаған

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ерейментау аудандық прокуратурасы Білім департаментінің жалақы төлемегені туралы дәлелдерді анықтады

Ерейментау ауданының прокуратурасы Білім бөлімінің мұғалімдерге еңбекақы төлемегені туралы деректерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақмола облыстық прокуратурасына сілтеме жасай отырып.

Еңбекақы қарызы 247 млн теңгеге жеткен

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 1 732 мұғалімнің құқығы қорғалып, 247 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық өтелді

Прокуратура заңды сақтауға шақырды

Аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтап, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салды.