Ведомствода хабарлағандай, шенеуніктің кінәсін мойындауына байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылмаған
Семейдегі сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы пара алған деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Семей қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жер құрылысы жобасына қол қойғаны үшін 200 мың теңге көлемінде пара алған деп күдіктелуде», - делінген хабарламада.