Оқушы қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған
Лисаковск қаласында сабақ үстінде балағат сөз айтқан оқушының анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай облысы сотының мәліметінше 2025 жылдың 10 желтоқсаны күні сағат 10:30 шамасында 2011 жылы туған кәмелетке толмаған бала мектеп ғимаратындағы сабақ үстінде балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған.
«Сот отырысында ұсақ бұзақылыққа жол берген ата-ана өз кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді және баласымен профилактикалық әңгіме жүргізілгенін, оның мұғалімнен кешірім сұрағанын айтты», - деп жазылған хабарламада.
Сот істің мән-жайларын және әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза кесті. Айыппұлдың мөлшері ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сәйкес азайтылып, нәтижесінде жалпы сома 19 267 теңге болып белгіленгі.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.