Никол Пашинянның барабан соғып, бидің түбін түсірген видеосы тарады

Автор: Аягөз Құрмаш

Кейбір дереккөз Армения премьер-министрі үкіметтің Жаңа жылдық кешінде жүр деп топшылаған 

Фото: видеодан скриншот

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян жеке парақшасына бірнеше көңілді видео жүктеген, деп жазады Azattyq Rýhy. 

Премьер-министр жазбасында өзінің өлеңі әнге айналғанын атап өтіп, оны «Шынайы Армения» тұжырымдамасымен байланыстырған.

Өлең Отан мен мемлекет, еңбек пен жауапкершілік, адам мен Арменияның ажырамас байланысы, сондай-ақ үміт, махаббат пен мемлекеттің болашағы туралы екенін байқауға болады.

Сондай-ақ Армения премьер-министрі жиналған қонақтармен билеп жүргенін жариялаған. Пашинянның бұл әрекетіне өзге елдің азаматтары да таң қалып, пікірлерін жазған.