Синоптиктердің болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша алдағы тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңірлердің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде тұман мен көктайғақ байқалады. Жел негізінен оңтүстік-батыстан соғып, 9-14 м/с, жекелеген аудандарда екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 20-29° аяз, күндіз 13-20° аяз. Астанада түнде -25…-27°, күндіз -17…-19° болады. Петропавл, Павлодар мен Қостанай қалаларында қатты аяз сақталады.
Шығыста түнде және таңертең қар жауып, боран соғады, көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-30° аяз, күндіз 15-21° аяз болады. Өскемен мен Семейде қар мен боран салдарынан жолда көріну нашарлайды.
Батыс аймақтарда қар жауып, кей жерлерде жаңбырмен аралас жауын-шашын болады. Тұман, боран және көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен және оңтүстік-шығыстан соғып, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-17° аяз, күндіз -5° аяздан +5° аралығында болады. Орал мен Ақтауда боран болады, Атырауда жауын-шашынсыз.
Оңтүстікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, таулы аймақтарда қар мен боран күтіледі. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан 7-14 м/с, таулы асуларда 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 7° аяздан 3° жылуға дейін, күндіз 0…6° жылы. Алматы мен Қонаевта түнде жауын-шашын, Шымкент пен Түркістанда күндіз ауа райы жайлы болады.