Іле Алатау аумағында қар көшкіні жүруі мүмкін: құтқарушылар қауіпті тұстарды анықтады

Автор: Асыл Арман

ТЖМ үндеу жасады

Фото: ҚР ТЖМ

Құтқарушылар Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінің көшкін қаупі бар учаскелерін зерттеу мақсатында аэровизуалды ұшып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Зерттеу нәтижелері бойынша тауларда қар жиналу процесі жалғасып жатқаны анықталды. Қардың боранға ұласуына байланысты жекелеген қар көшкіні қаупі бар учаскелерде қар көшкінінің өздігінен түсуі мүмкін.

Халықтың, туристердің және «Үлкен Алматы көлі – Космостанция» автомобиль жолының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылғы 26 желтоқсанда Үлкен Алматы өзенінің бассейнінде орналасқан № 18 көшкін жиналуында қар көшкінін профилактикалық түсіруді жүргізу жоспарланып отыр.

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ мамандары көшкін қаупі бар учаскелерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Бүгінгі таңда 13 жерүсті зерттеуі жүргізілді. Көшкін қаупі бар учаскелерде 30 ескерту қалқаны орнатылды. 58 хабарлама-ұсыныс және 556 «Абайлаңыз, көшкін!», және «Абайлаңыз, сең жүруі».

«Қар көшкіні жағдайы шиеленіскен кезде және «Қазгидромет» РМК дауылды ескертулері негізінде төтенше жағдайлар және полиция департаменттерімен бірлесіп көшкін қаупі бар аймаққа халық пен автокөліктің кіруін шектеу үшін блокбекеттер қойылады.

Егер қар көшкіні туралы ескерту жарияланса, тауларға барудан бас тартқан жөн. Егер ескерту болмаса, онда жолға шықпас бұрын метеорологиялық болжамдарды білу, қозғалыс маршруттарын жасау, дайындықсыз учаскелерде серуендеуден және сырғанаудан аулақ болу, таңбаланған соқпақтармен жүру, сондай-ақ қар көшкіні қаупі бар жерлер туралы мүмкіндігінше көбірек білу, қауіпті беткейлерден мүмкіндігінше аулақ болу керек. Егер тауға шығар алдында қалың қар түссе, жорықты екі-үш күнге кейінге қалдырған дұрыс, ал қар көшкіні болмаған жағдайда оның шөгуін күткен дұрыс», – делінген ТЖМ хабарламасында.