ENU-да «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Банк ЦентрКредит тарапынан тағайындалған «BCC Scholarship» білім беру бағдарламасының стипендиаттарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Стипендиялық бағдарлама ЕҰУ-дың экономика факультетінің талантты студенттерін қолдауға бағытталған.
Конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша ЕҰУ экономика факультетінің мына студенттері «BCC Scholarship» бағдарламасының стипендиаттары атанды:
Жобаның ұйымдастырушысы – ENU Endowment Fund. Қордың қолдауының арқасында қазіргі уақытта 50-ден астам студент стипендияға, ал 40-қа жуық студент грантқа ие болды.