Ақорда арнайы хабарлама таратты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.