Павлодар тұрғыны Instagram арқылы мотоцикл аламын деп соттан бір-ақ шықты
Ол ақшасын сот арқылы әрең қайтарды
Павлодар қаласының тұрғыны Instagram желісінен квадроциклдер мен мотоциклдер сататын дүкен тапқан. Тауарды таңдап, сатушыға 1 миллион 200 мың теңге көлеміндегі соманы бірден төлеген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адам сатушымен телефон арқылы хабарласып, сатушының шарттарымен алдын ала келіскен. Алайда толық төлем жасалғанына қарамастан, сатып алынған тауарды алмаған. Дәлел ретінде ол сотқа төлем түбіртектері мен банк берген жауаптарды ұсынған.
«Тараптар арасындағы хат алмасу олардың арасында сатып алу-сату шарты бойынша құқықтық қатынастар болғанын растады. Талапкер өз міндеттемелерін орындап, ақшалай қаражатты толық көлемде аударған. Ұсынылған дәлелдер мен істің мән-жайын бағалай келе, сот талапкердің талаптарын заңды әрі негізді деп таныды», – деп хабарлады Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында.
Сот сатып алушының талап-арызын толық қанағаттандырып, сатушыны ақшаны қайтаруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енді.