Құтқарушылар жанып жатқан үйден 5 газ баллонын алып шықты

Автор: Аягөз Құрмаш

Зардап шеккендер жоқ

Фото: видеодан скриншот

Қостанай облысының Жамбыл ауылында екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт ғимараттың бірінші және екінші қабатындағы пәтерлерден тұтанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін барлық тұрғын түтінге толған үйден өздігінен шығып үлгерді. Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекеттерінің арқасында өрт ошағынан бес газ баллоны дер кезінде шығарылып, жарылыс қаупінің және өрттің одан әрі таралуының алдын алды.

Эвакуацияланған тұрғындарды жылыту үшін жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД-ның автобустары жұмылдырылды.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.