Төрткөл ауылының 274 тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді
Жамбыл облысы Төрткөл ауылының тұрғындары жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жамбыл облысының Жалғызтөбе ауылдық округінде прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған су құбыры желілері мен су жинау құрылыстарының салтанатты ашылуы өтті.
Жоба аясында Төрткөл ауылының 274 тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.
Атап өту қажет, аталған өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында құрылыс жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізілмеген.
«Қазіргі таңда облыста денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларында 19 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы Жамбыл облысы прокуратурасының бақылауында», – делінген хабарламада.