Қазақстанда доллар бағамы құбылып тұр

Автор: Асыл Арман

Ұлттық банктің 24 желтоқсанға белгілеген ресми бағамы жарияланды

Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 511 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,88 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 24 желтоқсанға белгіленген ресми доллар бағамы – 510,18 теңге.

Kurs.kz дерегінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктері долларды орта есеппен 512,91 теңгеден сатып алып, 515,45 теңгеден сатып жатыр.

Астанада долларды орта есеппен 510,87 теңгеден қабылдап, 517,87 теңгеден сатуда.

Ал Шымкент қаласындағы айырбастау орындарында долларды 512,43 теңгеден сатып алып, 514,68 теңгеден сатуда.