Ақмола облысында мүгедек жандардың құқығы тапталып келген

Автор: Асыл Арман

Ақмола облысының прокуратурасы мүгедектердің құқықтарын қорғады

Фото: istockphoto.com

Сандықтау ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында елеулі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, олардың құқығы тифлотехникалық, сурдотехникалық құралдармен және протездік-ортопедиялық көмекпен уақытылы қамтамасыз етпеу мәселелерінде туындаған.

Оңалтудың техникалық құралдарын ұсынуға жауапты әлеуметтік қорғау органдары 6 айдан астам уақыт бойы аталған азаматтарды негізсіз дыбыстық хабарламасы бар ұялы телефондармен және дыбыс жазу құрылғыларымен қамтамасыз етпеген, бірқатар азамат ұзақ уақыт бойы қажетті протездік-ортопедиялық көмекті ала алмаған.

«Мұндай бұзушылықтар азаматтардың өмір сүру сапасына теріс әсер етеді, олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін шектейді.

Ден қою шараларымен аталған адамдар сурдо және тифлопедиялық құралдармен, сондай-ақ протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етілді.

Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген прокуратура хабарламасында.