Қазақстанда бірнеше әлеуметтік төлемнің мөлшері артатын болды

Автор: Асыл Арман

Аталған қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

Фото: freepik.com

Премьер-министр Олжас Бектенов «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынатын әлеуметтік төлемдер көлемінен 10 пайызға ұлғайтылсын», – делінген құжат мәтінінде.

Аталған қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.