$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеліктер құны 500 мың доллардан астам радиоактивті уранды заңсыз сатпақ болған

Олар осы қылмысы үшін сотты болды

Ақтөбеліктер құны 500 мың доллардан астам радиоактивті уранды заңсыз сатпақ болған
Фото: «Дианазон»

Ақтөбенің екі тұрғыны және олардың Шымкент қаласынан келген сыбайласы радиоактивті уранды заңсыз сатпақ болғаны үшін сот үкімімен жазаланды. Қылмыстық схема Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлеріне белгілі болып, олар жалған сатып алушының қатысуымен арнайы операция жүргізді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Диапазон» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, салмағы бір келіге жуық уранды Өзбекстан Республикасының азаматы заңсыз жолмен иемденген. Кейін бұл зат Шымкент қаласындағы танысы арқылы ақтөбеліктердің қолына өткен. Олар радиоактивті затты сату үшін сатып алушылар іздеумен айналысқан.

Радиоактивті жүк Шымкенттен Ақтөбеге жеңіл көліктің жүксалғышы арқылы жеткізілген. Келісім қала сыртында жүзеге асуы тиіс болған, сатушылар уран үшін 500 мың АҚШ долларынан астам қаржы алуды жоспарлаған.

Алайда затты беру сәтінде құқық қорғау органдары оларды қолға түсірді. Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың уран екені расталды.

Үш күдіктінің барлығы өз кінәларын мойындады. Сот шешімімен Ақтөбе қаласының екі тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды. Ал олардың сыбайласы бұрын сотталғаны үшін алты айға ұзақ мерзімге жаза алды. Сот үкіміне сәйкес, радиоактивті зат жойылуға жатады.

Серіктес жаңалықтары