Өзгеріс 2026 жылдың 1 қаңтарынан басталады
Денсаулық сақтау министрлігі маңызды мәлімдеме жасады. Оған сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыссыз және табысы аз азаматтар үшін МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жарналары жергілікті бюджет есебінен төленеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бүгінгі таңда МӘМС жүйесінде 16,8 млн-ға жуық адам сақтандырылған, оның ішінде 12,3 млн адам жеңілдік санатына жатады. Алайда, 3,6 миллион қазақстандық әлі де жүйеден тыс қалып отыр. Министрлік бұл топты екіге бөлді:
Жаңа заңға сәйкес, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар үшін жарна төлеу міндеті жергілікті атқарушы органдарға жүктелді.
«Жарналар адам медициналық көмекке жүгінген кезде нақты дерек бойынша төленеді. Бұл шара 2026 жылы қосымша 1 миллионға жуық адамды МӘМС-пен қамтуға мүмкіндік береді», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Медициналық көмек алу үшін ең алдымен тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу қажет екенін ескертеміз.
Өз мәртебеңізді келесі жолдармен анықтай аласыз: