Қазақстанда 15 мыңнан астам ерекше бала жүріп, сөйлей бастады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл еліміз бойынша ашылған «Қамқорлық» оңалту орталықтарының нақты жетістігі

Фото: Samruk-Kazyna Trust

Мамандар мен заманауи құрал-жабдықтардың арқасында бес жыл ішінде түрлі диагноздағы 6,3 мың бала жүріп кетсе, 8,6 мың бала алғаш рет сөйлей бастаған.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» қорының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» атты қоғам алдындағы есеп беру шарасында айтылды. 

2020 жылдан бері Қор серіктестерімен бірлесе еліміздің барлық өңірінде 55 оңалту орталығын ашқан. Соның ішінде 5-уі аралас үлгідегі «Ainala» орталықтары.  Бүгінде бұл орталықтар жыл сайын 30 мыңға жуық балаға тегін көмек көрсетеді.

Тегтер: