Тоқаев Жапонияда Акасака мемлекеттік сарайына барды

Автор: Асыл Арман

Ертең президент «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысады

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Жапония премьер-министрінің атынан Орталық Азия елдері басшыларының құрметіне арналған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака мемлекеттік сарайына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичи қарсы алды.

Мемлекет басшысы ертең «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитіне қатысады.