Павлодарда ұрлық жасады деген күдікті ұсталды
Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің жедел қызметкерлері автокөліктен азық-түлік ұрлады деген күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, таңертеңгі уақытта күдікті иесінің болмауын пайдаланып, көшпелі саудаға арналған автокөлікке заңсыз кіріп, азық-түлік ұрлаған.
«Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері құқыққа қарсы әрекет жасалған бейнежазбаны тәркіледі. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады, ұрланған заттар тәркіленді», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.
Ұрлық фактісі бойынша, көлік құралына заңсыз ену арқылы жасалған меншік қылмысына жататын қылмыстық іс бойыншы сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Полиция азаматтарға ескертеді: осындай заңбұзушылықтар ерекше бақылауда, және бөтен мүлікті заңсыз иеленуге әрекет жасаған тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылатын болады», – делінген ПД хабарламасында.