$ 517.66  606.49  6.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада 2003 жылғы жігіттің үйінен есірткі қоймасы табылды

Елордалық полиция пәтерден есірткі қоймасын анықтады

Астанада 2003 жылғы жігіттің үйінен есірткі қоймасы табылды
Фото: Астана ПД/Видеодан скрин

Астанада полиция қызметкерлері есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен қаланың 22 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктінің тұрғылықты мекенжайы бойынша жүргізілген тінту кезінде пәтердің ас үй бөлмесінен марихуана, гашиш майы және каннабис шайыры табылып, тәркіленді. Тәркіленген есірткі заттарының жалпы салмағы шамамен 2 келіні құрады.

Анықталғандай, қыз бала «қоймада» есірткінің партияларын қабылдап, сақтап, кейін интернет арқылы таратылуы үшін басқа адамдарға берген.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

«Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына, оның ішінде сақтау мен таратуға қатысу қатаң қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Азаматтарды интернет пен анонимді мессенджерлер арқылы ұсынылатын «жеңіл табысқа» алданбауға, сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымы туралы барлық мәліметті дереу полицияға хабарлауға шақырады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары