ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін орындар анықталды

Автор: Асыл Арман

Қар көшкіні қаупі бар беткейлерде профилактикалық жұмыс жүргізілді

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында жауған мол жауын-шашын, сондай-ақ желді және температуралық тұрғыда тұрақсыз ауа райы қар көшкіні қаупі бар учаскелерде қардың өздігінен түсу қаупін туындатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қар көшкіндерінің өздігінен түсуінің алдын алу мақсатында ШҚ филиалы «Қазселденқорғау» мамандары «Өскемен – Горная Ульбинка – Северное» автожолында профилактикалық түсіру жұмысын жүргізді.

Аталған жол демалыс базалары орналасқан аймақта өтеді, демалыс күндері мұнда тауда қысқы демалысты ұнататын азаматтар көптеп келеді. Қар жиналу аймақтарында қар жамылғысының қалыңдығы 40-50 см-ге жетіп, көшкін қаупі қалыптасты.

«Нәтижесінде 2 профилактикалық түсіру жүргізіліп, 560 текше метр қар түсірілді. Автожол тазартылып, көлік қозғалысы толық қамтамасыз етілді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.