Астанадағы екі адамның өлімі: полиция тың мәлімет жариялады

Автор: Асыл Арман

Астанада екі қайғылы оқиға тіркелді

Фото: istockphoto.com

Астанада бір күнде екі адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиғаларға қатысты полиция тың мәлімет жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 18 желтоқсан күні «Хайвил» тұрғын үй кешенінің аумағында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Жедел тергеу барысында оның жеке басы анықталды. Алғашқы мәліметтерге сәйкес, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.

Сонымен қатар, қалада тағы бір қайғылы оқиға болды: астаналық әйел 18-қабатты тұрғын үйдің алаңынан құлады.

«Екі факті бойынша да тергеу амалдары басталды. Қазір оқиғалардың барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген қалалық ПД агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, осыған дейін Highvill тұрғын үй кешенінің жанынан екі адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.