Жамбыл облысында шетел азаматы шекара арқылы Қазақстанға 36 қап есірткі өткізбек болған
Есірткі арнасының жолын кесу туралы мәлімет жарияланды
Жамбыл облысының «Айша-бибі» өткізу пунктінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі есірткі заттарының ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ведомство мәліметінше, оқиға биыл 14 желтоқсан күні болды.
Техникалық құралдарды қолдану арқылы көліктің жасырын жерлерінде күдікті зат салынған 36 қап табылды, олардың кейбіреулерінде «999» таңбасы болды.
«Сараптама нәтижесінде жалпы салмағы 30 кг-дан асатын тәркіленген заттардың есірткі екендігі анықталды, оның ішінде: героин - 0,999 кг, апиын - 3,620 кг және гашиш - 25,949 кг.
Шетелдік азамат ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», – делінген ҰҚК хабарламасында.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.