19 желтоқсанда республикалық маңызы бар автожолдарда ауа райы қолайсыз болады
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі 2025 жылғы 19 желтоқсанға арналған республикалық автожолдардағы ауа райы жағдайы туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық компанияның мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ қар жаууы мүмкін. Бұл жол қозғалысына айтарлықтай әсер етіп, көлік қатынасын қиындатуы ықтимал.
Қолайсыз ауа райы мына өңірлерде болжанып отыр:
Осыған байланысты «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырады. Әсіресе жылдамдық режимін сақтау, арақашықтықты дұрыс таңдау, көктайғақтың пайда болуы мен көріну қашықтығының төмендеу қаупін ескеру маңызды.
Республикалық автожолдардың жай-күйі мен ауа райы туралы жедел ақпаратты тәулік бойы 1403 нөмірі арқылы білуге болады.