Біртановтың денсаулығы туралы соңғы мәлімет шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі үйінде

Фото ашық дереккөзден

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов инфекциялық аурулар ауруханасынан шығып, амбулаториялық ем қабылдауға көшкен. Бұл туралы вице-министр Ажар Ғиният мәлім етті.

«Елжан Амантайұлының денсаулығы жақсарды. Ол инфекциялық аурулар ауруханасынан шығып, амбулаториялық емге көшті», - деп хабарлады Ажар Ғиният.

Айта кетейік, Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаннан кейін, 14 маусым күні өз еркімен отставкаға кеткен болатын. Ол коронавирустың орташа ауыр түріне шалдыққан және елордада жаңадан салынған ауруханада емделді.