ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты тасжолдар жабылды

Автор: Асыл Арман

Шығыс Қазақстан облысында автожолдың бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектелді

Фото: istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысында 18 желтоқсан күні сағат 09:00-ден бастап қар көшкінін алдын ала түсіру жұмысына байланысты автокөліктің барлық түріне қозғалыс уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қозғалыс Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары бағытындағы республикалық маңызы бар автожолдың 7-166 шақырым аралығында, яғни Ушановское ауылынан Алтай қаласына дейінгі учаскеде шектелді.

«Жол қозғалысын қайта ашудың болжамды уақыты – 18 желтоқсан 2025 жыл, сағат 20:00», – делінген хабарламада.