$ 513.55  602.09  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Дели қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды

Алматы-Бангкок рейсі бойынша жағдай белгілі болды

Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Дели қаласына шұғыл қонуға мәжбүр болды
Фото: Air Astana

Алматыдан Бангкокқа ұшып шыққан Air Astana ұшағы Дели қаласына шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, ұшақтың сол жақ бөлігіндегі қозғалтқышынан қатты дауыс шыққан. Оқыс оқиғаны Air Astana компаниясының баспасөз қызметі ресми түрде растап, пікір берді.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 18 желтоқсан күні Алматы-Бангкок бағыты бойынша KC931 рейсін орындайтын ұшақ техникалық себеппен Дели әуежайына қонды.

«138 жолаушысы бар ұшақ Алматыдан 01:00-де ұшып шығып, штаттық режимде 05:51-де Делиге қонды.

Барлық жолаушыға тамақ беріледі, уақытша визалар ресімделді, әуе компаниясы жолаушыларды қонақ үйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік борт дайындалуда.

Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әуе компанияның сөзсіз басымдығы болып саналады», – делінген компанияның агенттік тілшісіне берген пікірінде.

Айта кетейік, осыған дейін Алматыдан Астанаға қарай бет алған Air Astana компаниясының ұшағында төтенше жағдай болып, экипаж апат сигналын таратқанқаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары