Тоқаев тағы бір заңға қол қойды

Автор: Асыл Арман

Ақорда ресми хабарлама жариялады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.