Елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандардың жалпы саны 44 075-ке жетті деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия. 2 шілдеде 1501 адамнан аталған вирус анықталған.
Коронавирус жұқтырған бір жарым мың адамның 496-да ауру белгілері бар, қалған 1005 адамның сырқаты симптомсыз.
Аймақтар бойынша:
- Алматы қаласында - 5902 (+206),
- Нұр-Сұлтан қаласында - 5642 (+119),
- Қарағанды облысында - 5013 (+77),
- Атырау облысында - 4747 (+327),
- Шымкент қаласында - 3294 (+100),
- Батыс Қазақстан облысында - 2935 (+50),
- Алматы облысында - 2330 (+123),
- Түркістан облысында - 1774 (+29),
- Шығыс Қазақстан облысында - 1719 (+91),
- Ақтөбе облысында - 1633 (+59),
- Жамбыл облысында - 1533 (+65),
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1344 (+21),
- Қызылорда облысында -1342 (+25),
- Ақмола облысында - 1344 (+46),
- Маңғыстау облысында - 1295 (+78),
- Павлодар облысында - 1235 (+37),
- Қостанай облысында - 993 (+48).