«Иістеніп кеткен»: Атырау тұрғыны туысының қайтыс болғанын 3 аптадан кейін бір-ақ білген

Автор: Алмас Ерсін

Қайтқан адамның денесі пәтерде үш апта жатып қалған

Фото: istockphoto.com

Атырауда Береке ықшамауданы, № 24 үйде ер адамның мәйіті табылды. Тұрғындардың айтуынша, сүйектің пәтерде жатқанына 21 күн өткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Ақ Жайыққа» сілтеме жасап.

Ал оның өлгені туралы туысқаны іздеп келгенде бір-ақ белгілі болған. Осыған дейін кіреберісте қаңсық иіс тұрды, әлі де кетпей тұр, сіңіп қалған, дейді көршілері. Сүйек табылғаннан кейін тұрғындар кіреберісті өз күшімен ретке келтірген, бірақ иіс сонда да кетпей тұр.

«Иіс бүкіл подъезді алып кетті. Біз өз күшімізбен адам жалдап, тазалап, хлор, «Белизнамен» жудық. Сонда да иіс кетпей тұр. Біз маманы болмағасын, не қолданған дұрыс екенін де білмейміз», — дейді көршілердің бірі. 

Тұрғындардың айтуынша, оқиғадан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтер немесе мамандандырылған ұйымдар оқиға орнына келмеген, ресми дезинфекция жүргізілмеген.