$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мереке күндері Астана мен Алматыдан қосымша 100 әуе рейсі іске қосылады

Азаматтық авиация мереке күндеріне дайындықты бастады

Мереке күндері Астана мен Алматыдан қосымша 100 әуе рейсі іске қосылады
Фото: istockphoto.com

Әуежайлар мен әуе компаниялары мереке күндері жұмысты күшейтіп, қосымша 100 рейсті іске қосады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында сұраныстың артуына байланысты келесі бағыттар бойынша 100 қосымша рейс ұйымдастыру жоспарланып отыр:

  • Астана – Алматы,
  • Алматы – Орал,
  • Алматы – Семей,
  • Астана – Түркістан,
  • Астана – Ақтөбе,
  • Алматы – Ақтау,
  • Алматы – Ақтөбе,
  •  Астана – Шымкент.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен өткен кеңесте осы мәселе пысықталды. Оған Air Astana, FlyArystan, SCAT, VietJet Qazaqstan әуе компанияларының, сондай-ақ Астана және Алматы қалалары әуежайлары басшылығы қатысты. Ластаев авиация инспекторларына мерекелік күндері мониторингтік топтар құруды тапсырды.

Әуе компаниялары мен әуежайларға:

  • үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін әуе кемелерінің резервін және қосымша жерүсті техникасын қарастыру;
  • персонал құрамын тәжірибелі мамандармен күшейтіп, рейстер кешіктірілген жағдайда жолаушыларға қызмет көрсету аясында ыстық тамақ пен сусындардың берілуін қамтамасыз ету;
  • рейстер кешіккен жағдайда жолаушыларды ресми сайттар, әлеуметтік желілер, мобильді қосымшалар, әуежайлардағы ақпараттық таблолар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел хабардар ету тапсырылды.

«Әуе компаниялары мен әуежайлар қабылдап жатқан барлық шара, ең алдымен, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осыған байланысты объективті себептермен туындайтын рейстердің кешігуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.