Қарағанды облысында автобус апатқа түсіп, 48 адам эвакуацияланды
Жолаушылар Балқаш қаласына жеткізілді
13 желтоқсан күні таңертең Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы тасжолда жол-көлік оқиғасына түскен автобустан 48 жолаушы шұғыл эвакуацияланды. Жолаушылар Балқаш қаласына жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Автобус қалай бұзылды?
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Балқаштан Алматыға бағыт алған автобус жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін істен шыққан. Автобус жүргізушісі бірден көмекке жүгінген.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан 48 жолаушыны қауіпсіз жерге көшірді.
Эвакуацияланған адамдардың барлығы Балқаш қаласының автовокзалына жеткізілді.
ТЖМ ескертуі
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады.
«Көріну мүмкіндігі шектеулі болған кезде жылдамдықты міндетті түрде төмендету қажет», – деді ведомство өкілдері.
Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.