Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 522,38 теңгені құрап, 2,16 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми бағамы – 520,02 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес, Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағасы – 522,73 теңге, сату бағасы – 524,85 теңге.
Астанадағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 519,5 теңгеден сатып алып, 526,5 теңгеден сатады.
Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағасы – 522,1 теңге, сату бағасы – 524,17 теңге.