Темір жол көлігі қозғалысына қандай шектеу енгізіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Кейбір жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі қысқартылады

Фото: ашық дереккөзден

Елмізде коронаврирус пандемиясына орай эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты темір жол көліктерінің қозғалысына біршама өзгертулер енгізіледі. Мемлекеттік комиссияның шешімімен коммерциялық пойыздар қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Биылғы жылдың 13 мамырында ведомствоаралық комиссия отырысында ел ішінде жолаушылар пойыздарының қатынауын кезең-кезеңмен жаңарту туралы шешім қабылданған болатын. Бүгінгі таңда жалпы алғанда ел аумағында 93 жұп пойыз қатынай бастады.

Бүгін, яғни 2 шілде күні, елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мемлекеттік комиссияның отырысында экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша шешім қабылданды.Сондай-ақ, темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша шектеу шараларын енгізу туралы шешім шығарылды.

Атап айтқанда келесі коммерциялық пойыздардың қатынауы уақытша тоқтатылады:

  • - №19/20 «Нұр-Сұлтан-Атырау»;
  • - №95/96 «Нұр-Сұлтан-Орал»;
  • - №701/702 «Нұр-Сұлтан-Алматы».

Әлеуметтік маңызы бар келесі бағыттағы поездар қозғалысына 5 шілдеден бастап  уақытша өзгертулер ензігіледі:

1. №321/322 «Алматы – Сарыағаш» жолаушылар пойызы тоқтатылады.

2. Төмендегі жолаушылар пойыздарының жүру жиілігі қысқартылады:

- №3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан» араға күн салып (бұған дейін күн сайын қатынаған);

- № 31/32 «Алматы-Павлодар» араға күн салып (бұған дейін күн сайын қатынаған);

- № 67/68 «Нұр-Сұлтан-Өскемен» араға күн салып (бұған дейін күн сайын қатынаған);

- №257/258 «Нұр-Сұлтан-Достық» аптасына 1 рет (бұған дейін аптасына 2 рет қатынаған).

Темір жол көліктерінің аталған режимде қанша уақыт жұмыс істейтіні әзірге белгісіз.

Эльмира Мәмбетқызы