Түркия Украинадағы жағдайды реттеу бастамаларын қолдауға дайын – Ердоған

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол екі елмен де тарихи байланыс бар екенін айтты

Фото: скрин/БҰҰ жаңалықтар қызметі

Түркия Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған дипломатиялық бастамаларға қолдау көрсетуге әзір. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Ашхабадтағы Халықаралық бейбітшілік және сенім форумында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ресей мен Украина біздің солтүстік көршілеріміз, бізді олармен тарихи байланыстар мен өзара құрметке негізделген қатынастар біріктіреді. Соғыстың тоқтауынан үміт күтеміз. Ең алдымен Ыстанбұл процесі аясында атысты тоқтату мен бейбіт келісім орнатуға бағытталған дипломатиялық бастамаларға нақты қолдау көрсетуге дайынбыз», - деді Түркия басшысы.