$ 520.02  608.79  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада такси жүргізушісі мас клиентінің күртесін ұрлап, артынша қалтасындағы кілтімен үйін тонаған

Таксиде басталған ұрлық: елордада ұрлық жасаған такси жүргізушісі қолға түсті

Астанада такси жүргізушісі мас клиентінің күртесін ұрлап, артынша қалтасындағы кілтімен үйін тонаған
Фото: istockphoto.com

Астана қаласында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық ісіне қатысы бар 40 жастағы такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті мас күйінде үйіне жеткізген жәбірленушінің таксиде ұмытып кеткен куртесін жасырын түрде алып қойған. Күртенің қалтасынан үйдің кілтін тауып, келесі күні жәбірленушінің үйінде ешкім жоқтығын пайдаланып, пәтерге заңсыз кірген.

Үйден «Samsung» маркалы ноутбук пен «Алиса» смарт-колонкасын ұрлап, кейін бұл заттарды сатып жіберген. Оның әрекеті нәтижесінде жәбірленушіге 130 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді.

«Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Полиция қызметкерлері азаматтарды жеке заттарына ұқыпты болуға, сонымен қатар күмәнді жайттарды байқаған жағдайда дереу «102» арнасына хабарлауға шақырады», – делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары